oC

Консультациялық пункт қызметінің мақсаттары мен міндеттері

Ата - аналарға арналған консультациялық пункттің жұмысы білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыруға, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
Негізгі міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі баланың жан - жақты дамуы мәселелері бойынша атааналарға әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету;
- ата - аналарға (заңды өкілдерге) бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша
консультациялық көмек көрсету;
- ата - аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына балалардың дамуындағы мәселелерді анықтау және диагностикалау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу;
- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету;
- тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады.