«Күншуақ» бөбекжайы КМҚК
2022 - 2023 оқу жылының қорытынды есебі
КМҚК «Күншуақ» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Мекенжайымыз: Қазыбек би 28/1
Қазіргі уақытта ИНДИГО бойынша жалпы бала саны 308 бала.
Бөбекжайда тәрбие мен білім қазақ тілінде беріледі, мұнда 13 топ жұмыс істейді. Топтарға балалар жасына қарай бөлінген. Бөбекжайда:
Кіші топ - 2 жас - «Ақбота» тобы - 20 бала;
Кіші топ - 2 жас - «Айгөлек» тобы - 20 бала;
Кіші топ - 2 жас - «Ботақан» тобы - 20 бала;
Кіші топ - 2 жас - «Қошақан» тобы - 20 бала;
Ортаңғы топ - 3 жас - «Айналайын» тобы - 25 бала;
Ортаңғы топ - 3 жас - «Балдәурен» тобы - 26 бала;
Ортаңғы топ - 3 жас - «Балапан» тобы - 26 бала;
Ересек топ - 4 жас - «Балауса» тобы - 25 бала;
Ересек топ - 4 жас - «Ақжелкен» тобы - 25 бала;
Ересек топ - 4 жас - «Сәулетай» тобы - 25 бала;
Ересек топ - 4 жас - «Балдырған» тобы - 25 бала;
Ересек топ - 4 жас - «Ертөстік» тобы - 27 бала;
Мектепалды даярлық топ - 5 жас «Балбөбек» тобы - 24 бала;
Бөбекжайда ерекше білім беруді қажет ететін бар, онда 9 бала тәрбиеленуде. Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың үлесі 4,3%-ды құрайды. Бөбекжайда тек қана сыртқы пандус бар.
Бөбекжайда 1 жүктеме бойынша логопед, мамандары бар, олар жеке коррекциялық-дамыту жұмыстарын жүргізеді.
Бөбекжайдың жұмыс тәртібі: Бөбекжай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі ережелерін» негізге ала отырып, Үлгілік оқу бағдарламасын негізге ала отырып жұмыс жасайды. Аптасына бес күн, таңғы сағат 8.00-ден кешкі сағат 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Бөбекжайда ішкі жұмыс тәртібі қалыптасып, күн тәртібі ережесі толығымен орындалады. Балаларға күнделікті ас мәзірі бойынша 3 мезгіл ыстық тамақ, 2 мезгіл жеңіл ас беріледі. Бөбекжай іші өте жылы, әр топта жылы сумен және суық сумен қамтамасыз етілген, материалдық-техникалық жағдайы қанағаттанарлық, 6 топ бөлмелері стандарт талаптарына сай мүмкіндігінше жиһаздармен қамтамасыз етілген. Оқу-тәрбие жұмысына қажетті көрнекіліктер мен материалдар топ тәрбиешілерінің күшімен талапқа сай жасалған. Бөбекжайының санитарлық жағдайы қанағаттанарлық.
«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 59 бұйрығы сәйкес санитарлық талаптарға сай.
Бөбекжай оқу-әдістемелік құжаттарымен, мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарымен, типтік жұмыс, базистік оқу жоспарларымен және бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Бөбекжайда музыкалық зал, медициналық бөлме, асханалық блог, әдістемелік кабинет, психолог кабинеті, қазақ тілі кабинеті бар.
Бөбекжай ұжымы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда талапқа сай арнаулы орта және жоғары білімді кадрлармен толықтай қамтамасыз етілген.
Мектепке дейінгі мекемеде педагогиканың жаңа саласына бағытталған, мектепке дейінгі тұжырымдамаларын анықтай білетін тәжірибелі педагогикалық ұжым қалыптасқан.
Педагогтардың сандық құрамы:
Бөбекжайда педагог жұмыс істейді, оның ішінде:
|
Педагогтар саны |
||
|
Директор |
1 |
|
|
Әдіскер |
1 |
|
|
мамандар |
Психолог |
1 |
|
Музыка жетекшісі |
2 |
|
|
Хореограф |
1 |
|
|
Логопед |
1 |
|
|
Дене шынықтыру маманы |
1 |
|
|
|
||
|
Тәрбиешілер |
26 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
34 |
|
Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жағдайына келсек, бөбекжай кадрлары уақытында аттестациядан өткен.
Ал жоғарғы санаттағы бір тәрбиеші Р. Игенова тестен өте алмай қалуына байланысты педагог статусына түсірілді. І санатты екі тәрбиеші, санатсыз 5 педагог және жаңа форматтағы модератор санатында 10 педагог бар.
Жоғары санат - 1; Каламбаева Г. М.
І санат - 4; Сакенова Г. М., Габдуллина А. А., Жакибаева А. Б., Насиева Е. Е.
ІІ санат - 3; Ғазизханова А. Е., Мухангалиева А. Т., Шакаримова Л.
Санатсыз - 17.
Модератор - 7; Сергалиева П., Кайшинова Ж. С., Аучинова М. А., Ахметқанова А. С., Базарбаева С. С., Абаужунусова А. О., Макшиева Г.
Сарапшы - 2; Исан С., Тұржанова А. К.
Бөбекжайдың алдына қойылған негізгі мақсаттары болып:
- Денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы балалардың физикалық және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту;
- Инновациялық технологиялар арқылы тілдік қызметті дамыту нысандары мен әдістерін жетілдіру;
- Білім беру ұйымының Zhanaarka.gov.kz сайтында бар, апта сайын бөбекжайдың жаңалықтары Facebook, Instagram - baldirgan_ds беттерінде жарияланады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу, осы мақсаттарды орындау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 2022 - 2023 оқу жылына арнайы әдістемелік нұсқаулық хаты беріліп, онда 2022 - 2023 оқу жылының жұмысын жоспарлауда ескерілетін негізгі мынадай нормативті құжаттар берілген және осы құжаттарды қолдана отырып жұмыс жүргізілуде. Бөбекжай білім беру ұйымы өз қызметінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары»;
- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі;
- «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары;
- Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары;
- Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
- Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысандары;
- Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары;
- Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары;
- Жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары;
- Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары;
- Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары;
- Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу - әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі.
Барлық ұйымдастырылған оқу қызметі Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына сүйене отырып іске асырылады және бала жасына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің көлемі мен уақыт ұзақтығы да жаңа стандарт талаптарына сай берілген, әр топта уақыт көлеміне сай өтіледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:
- Перспективалық жоспар;
- Апталық циклограмма;
- Балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы іске асырылды. Диагностика оқу жылының басында, ортасында және аяғында: бастапқы диагностика қыркүйекте, аралық қаңтарда, қорытынды мамырда жүргізілді.
Диагностиканың жүргізілу мақсаты баланың даму динамикасын анықтау болып табылады. Бұл мониторингте бес дағды бойынша балалардың үш кезеңдегі даму деңгейі бағаланады. Бөбекжайдағы жемісті жұмыстарының көрсеткіштерінің бірі, балаларды мектепке сапалы дайындау болып табылады. Мектепке дейінгі білім беруде сапалы қызметті қамтамасыз етуде мектепке дейінгі жастағы балалардың біліктері мен дағдыларын дамытудың маңызы зор. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруге жүргізілетін мониторинг балалардың бес білім беру дағдысы бойынша даму динамикасын қадағалауға мүмкіндік берді. Тәрбиеленушілердің білімін мөлшерлеуші ретінде, балаларды жетілдіруді дамыту деңгейінің диагностикалық картасы қолданылады. Бұл үшін барлық жастағыларды зерттеу картасы әзірленген.
Мөлшерлеу құралы болып, әр түрлі тақырыптағы тапсырмалар, 5 білім беру дағдысы әр түрлі жастағы топтарда жүйелендірілген дидактикалық материалдар қолданылады.
Балаларды бақылау әңгімелесу, бала әрекетінің өнімдерін талдау, диагностикалық жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Тексеру нәтижелеріне өтпелі тақырыптық есеппен қорытынды жасалады және одан әрі жұмыс істеу үшін түзетулер енгізіледі.
Мониторинг нәтижелері бойынша бағдарламаның мазмұнын игеру деңгейін анықтап, баланың алдағы даму болашағы белгіленді.
Ол мынадай көрсеткіштерді көрсетті:
Бастапқы деңгей 2022 жылдың қыркүйек айында:
- Кіші топтар - барлығы: 80 бала; орташа және жоғары деңгей көрсеткен 28 бала - 35%
- Ортаңғы топтар - барлығы - 77 бала; орташа және жоғары деңгей көрсеткен 33 бала - 42%
- Ересек топтар - барлығы - 126 бала - 100%
- Мектепалды даярлық тобы - 25 бала - 100%
Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауды, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыруды, тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдерін қарастырады. Бағдарламаның мазмұнын іске асыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жан-жақты дамытуға бағытталған: «Физикалық», «Коммуникативтік», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру дағдыларын кіріктіру арқылы қамтамасыз етілді. Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бағдарлама мазмұнын игерудің сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ету негізінде құрастырылды.
Перспективалық жоспарға сәйкес балаларды қабылдау, ұйымдастырылған іс-әрекет, серуен, балалардың үйге қайтуы, күн тәртібіндегі процестердің орындалуын қамтитын және өтпелі тақырыптарға сәйкес бір аптаға арналған циклограмма құрастырылды. Күн тәртібі, перспективалық жоспар, циклограмманың құрылымы, әр топқа мектепке дейінгі ұйымның №1 педагогикалық кеңесінде бекітілді.
Бөбекжайдың жылдық жоспары бойынша бес педагогикалық кеңес қойылған. №1 педагогикалық кеңестің тақырыбы: Нұсқаушы «Жаңа 2022 - 2023 оқу жылының педагогикалық ұжымының түзетушілік қызметі». Мектепке дейінгі ұйымның жаңа оқу жылына дайындығы. Тәрбиешілер жылдық жоспармен таныстырылып, өтілетін іс-шаралар бекітілді, сабақ кестелері жаңа стандарт талаптарына сай оқу жоспарлары жасалынып, күн тәртіптері бекітілді.
№2 педагогикалық кеңес «Табиғат таңғажайыптар сыйлайды» - мектепке дейінгілердің танымдық - ізденушілік қызметі тақырыбында өтілді.
Педагогикалық кеңесінде барлық бөбекжай педагогтары МДҰ-ның жылдық жұмыс тақырыбына байланысты өздерінің жұмыстары бойынша жарты жылдық есептерін берді. Онда жыл басында неше бала қабылдап, мониторинг бойынша бағалау деңгейін көрсетіп, бала осы жарты жыл бойы не үйренді, не білді, қандай жетістіктерге жеткені жайында, қандай іс-шаралар өткізгені айтылды. Бүлдіршіндермен күнделікті күн тәртібі бойынша жұмыстана отырып, ұйымдастырылған іс-әрекеттер берілген оқу жоспары бойынша жүргізіледі. Таңғы қабылдаудан соң таңғы жаттығулар жасалып отырады.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен 2022 - 2023 оқу жылына арналған кешенді жоспар құрылған, сол жоспарды жүзеге асыру мақсатында бөбекжайда бірталай жұмыстар атқарылды.
Қыркүйек айында алғашқы сабақ барлық топтарда мектеп туралы білімдерін кеңейту мақсатында «1 қыркүйек - Білім күні» атты тақырыбымен басталып, балаларға білім, оқу дегеннің не екені туралы түсінік беріліп, ұйымдастырылған іс-шаралар өткізілді.
Сонымен бірге бөбекжайда әр түрлі мерекелік іс-шаралар да назардан тыс қалған емес, мерекелік іс-шаралар өз уақытында үнемі жүргізіліп тұрады. Қазан айында «Айналайын», «Сәулетай», «Балапан» ортаңғы топтарымен «Балауса», «Ертөстік», «Ақжелкен», «Балдырған» ересек топтарында «Алтын күз» мерекесі өтті.
Балаларды отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында еліміздің тәуелсіздігіне арналған іс-шаралар өткізіліп, балалардың бойына елжандылық пен патриотизмді сіңіру бағытында патриоттық тәрбие жұмыстары жүргізілді.
Бөбекжай педагогтары тәрбиеленушілерінің интеллектуалды дамуын, ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, тәрбиелеу мақсатында арнайы бағдарламалар бойынша жұмыс істейді.
Физикалық білім беру дағдысы бойынша: Дене шынықтыру іс-әрекеті бойынша балалардың шынығу жаттығуына қызығушылығы артып, қимыл-қозғалыс ептілігімен дағдыларын жетілдіріп, жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу, еңбектеу, сапқа тұру, қозғалыс ойындары арқылы дене күшінің қасиетін дамыту жұмыстары жүргізілді. Ертеңгілік жаттығулар уақытында өтіледі. Сауықтыру-шынықтыру шаралары әр топта жас ерекшеліктеріне қарай жүйелі түрде өтіледі. Балалардың денсаулығын нығайту мақсатында, өсіп келе жатқан ағзаларына дене мүсінін сымбатты ету үшін гимнастикалық жаттығулар жасалынады.
Коммуникативтік білім беру дағдысы бойынша: Тіл дамыту іс-әрекетінде балалардың сурет бойынша әңгімелеу немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап беру, т.б. ойлау, таным қабілеттерін жетілдіру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Тек сурет көрсетумен шектелмей, саусақпен қимылды ойын ойнау арқылы сабақты бекітілді, сол арқылы ғана өтілген тақырып баланың ойында ұзақ мерзімге сақталады. Балалар табиғатты бақылап, жыл мезгілдерін атай алады. Жыл мезгіліндегі ай аттарын, ерекшеліктерін атай біледі. Көкөністер мен жемістерді ажыратып, олардың өзіндік ерекшеліктерін атай біледі. Шағын әңгіме ертегі арқылы балалардың сөздік қорын дамыттық.
Таным білім беру дағдысы бойынша: Математика, сенсорика, құрастыру іс-әрекетінде 1-5-ке дейін санауды үйренді. Дөңгелек, төртбұрыш, ұшбұрыш, шаршы секілді геометриялық пішіндер туралы білімдерін толықтырып, ажырата білді. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру іс-әрекеті арқылы балалар биік-аласы, ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, т.б. ұғымдарды үйреніп, тәжірибеде қолдана біледі. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінде балалар сандармен танысып, кері қарай санауды және оларды нүктелер арқылы жазып үйренді. Заттарды көлеміне қарай ажыратып, «қысқа», «қысқарақ», «өте қысқа», «кіші», «кішірек», «тым кіші», «үлкен», «үлкенірек», «өте үлкен» сөздерін дұрыс қолдануды үйренді. Балалар уақытты бағдарлауды, тәулік бөліктері мен адамдардың іс-әрекеті арасындағы байланысты анықтауды үйренді.
Қағаз бетінде бағдарлауды, сол жақ жоғарғы, оң жақ төменгі, ортасы түсініктерімен таныс болды. Әр түрлі пішіндер арасынан белгілі бір пішінді табуды, сол пішінге ұқсас заттарды топтастыруды үйренді. Оқу үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді пайдаланып, балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту арқылы уақытты бағдарлауды, тәулік бөліктері мен адамдардың іс-әрекеті арасындағы байланысты анықтауды үйренді. Қағаз бетінде бағдарлауды, сол жақ жоғарғы, оң жақ төменгі, ортасы түсініктерімен таныс болды. Әр түрлі пішіндер арасынан белгілі бір пішінді табуды, сол пішінге ұқсас заттарды топтастыруды үйренді.
Шығармашылық білім беру дағдысы бойынша: Бейнелеу, мүсіндеу, жапсыру іс-әрекеті бойынша балалардың сурет салу, есте сақтау қабілеттерін арттыру, «Жаңбырлы күн», «Сары жапырақтар», «Жаңа жылдық шырша» т.б. тақырыптар бойынша сурет салып үйренді. Мүсіндеу іс-әрекеті арқылы ермексазды алақан арасына салып, айналдыра домалақтау, жалпақтау, шымшып созу тәсілдерін үйренді. Ермексазбен жұмыс жасауда саусақтардың, қолдың, иықтың бұлшық еттерін жетілдіре отырып, қимыл-қозғалыс икемділігін дамыту, құрылысы бірнеше бөліктерден тұратын мүсіндеуді үйренді. Жапсыру іс-әрекетінде жапсырудың әдіс-тәсілдерін меңгерді. Ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру, қағазды қиюды үйрету. Қиылған пішіндерден белгілі бір заттың бейнесін жасауға үйренді. Балаларға суреттерді өздігінен бояуды, қылқаламды дұрыс ұстауды үйретеміз. Бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуді үйренді. Сурет оқу қызметінде суреттің өзін ғана салып қоймай, суреттерді қиып, құрастырып, сосын бояу тәсілі, үзік сызықтарды қосып сызып бояу тәсілі және де түрлі қызықты әдістер мен түрлі материалдар қолдану арқылы жүргізілді.
Музыка оқу қызметінде музыкалық және шулы ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуды, балалармен бірге ән салуды, әуенмен бірге би қимылдарын орындауды үйренді.
Әлеуметтік білім беру дағдысы бойынша: Көркем әдебиет іс-әрекеті арқылы балалардың сөздік қорларын, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін арттыру, өз еркімен ойларын еркін айта білуді біледі. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, туған өлкенің өсімдіктері, көкөністері мен жемістері, жердегі және аспандағы қозғалыс құралдары туралы, жаяу жүргіншілерге арналған қарапайым ережелермен таныстырамыз, үйретеміз. Сонымен қатар балаларға бізді қоршап тұрған табиғатпен таныстырамыз. Өлі табиғат нысандарына: күн, ауа, су, топырақ, тас туралы, ересектердің еңбегін бағалауды, өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға үйретеміз. Балаларға тек қана түсіндіріп қана қоймай, түрлі суреттер, видеолар арқылы көрсетіп отырамыз. Балаларымызға өздері тұратын қала туралы, көліктер туралы көптеген мағлұматтар беріп отырамыз.
2022-2023 жылдың қаңтар айында «Мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесінің заманауи бағыттары және оларды жүзеге асыру технологиялары» тақырыбында қалалық білім беру ұйымдарының тәрбиешілерінің қатысуымен семинар өтті.
Осы бойынша 2022-2023 оқу жылында жұмыс жүргізіліп, Мемлекеттік стандарт талаптары толық орындалып жатыр. Ұжым - мектепке дейінгі мекемедегі шешуші мәселе. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес бөбекжай ұжымының педагогикалық саясатын іске асыратын, оның нәтижелеріне жауап беретін және ұлт болашағымен ұрпақ тәрбиесі секілді ауқымды да маңызды мәселелерді іс жүзінде орындайтын ұжым. Бөбекжай әкімшілігі өз ұжымының мамандар әлеуметін арттыру жұмыстарын алдағы уақытта да мақсатты әрі нәтижелі түрде жүргізіп отыратын болады.
Әдіскер: Кайшинова Ж.С.
2023 - 2024 оқу жылдың жұмысына талдау
Күншуақ балабақшасында 2023 - 2024 оқу жылында 13 топ жұмыс істеді. Оқу - тәрбие жұмысы қазақ тілінде жүргізілді.Ерекше білімді қажет ететін бала саны - 13 ті құрады. Білім беру үрдісі мемлекеттік стандарт және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бойынша жүргізілді.Балалардың күн тәртібі мен өмірін ұйымдастыру санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына сай тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайына байланысты құрылды. Әр баланың жеке - тұлғалық сапасын жетілдіру және оларды дамыту мақсатында бес білім беру дағдылары бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілді. 5 білім дағдылары «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармышылық», «Әлеумет» дағдылары бойынша әр түрлі жастағы топтарда дидактикалық материалдар қолданылды.
Оқу жылының басында педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту,өзара ұйымдастырылған оқу қызметтер ісіне қатысу арқылы тәжірибе жинау мақсатында ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерің жоспары түзіліп бекітілген еді.
Ағымдағы жылдың әдістемелік жұмысы оқу - тәрбие процесінің алға қойылған жылдық міндеттерін орындауға бағытталды.
Жыл бойына 5 педагогикалық кеңес өткізіліп, педагогтер іс - тәжірибелерінен баяндамалар тыңдалып, жеке тақырыптар бойынша жұмыстар жасап, жеке іс - тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік кеңестерде әдістемелік жұмыстың тиімділігі мәселелері қаралып, қосымша бағдарламалар бекітіліп, тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесінен материалдар қаралды.
Қыркүйек айында балабақшамызда балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, қимыл қозғалыстарын жетілдіру, ұйымшылдыққа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық "Күзгі жарыс" сайысы Мектеп алды даярлық тобы мен Ересектер тобы арасында ұйымдастырылып, өткізілді.
Қазан айында балабақшамызда дене нұсқаушылардың ұйымдастыруымен тәрбиешілер арасында эстафеталық жарыс өткізілді.
14 қазан күні балабақша ауласында күзгі жәрмеңке өтті.
Қараша айының 1 - ші апталығында Мектеп алды даярлық тобы мен ересек топ тәрбиешілерінің ашық ұйымдастырылған іс - әрекеттері өтті.
Қараша айының 2 - ші апталығында балабақша педагогтарымен «Мен және менің ұжымым» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
2023жылдың 23 - қараша күні балабақшамызда ата - аналар комитетінің төрайымдарының қатысуымен дастархан басында "Тәтті шәй" ұйымдастырылып, отырыс өтті.
Қараша айының соныңда балабақша аясында Туржанова Айнур Касеинқызы, Рахимова Гулмира Аханқызы, Рахымбаева Бақытгүл Ашимхановна, Ахметканова Арай Советхановна кіші топ, орта топ, ересек топ және мектеп алды даярлық топ тәрбиешілеріне шеберлік сыныбын өткізді.
Желтоқсан айының 1 - ші апталығында тәрбиешілердің білімдерін,шығармашылықтарын жетілдіру мақсатында балабақшалық “Үздік тәрбиеші - 2023”байқауы өтті.
7 желтоқсан 2023 жылы балабақшамызда Республикалық семинарда және білім жетілдіру курсында болған «Қарлығаш» балабақша - бөбекжайы, «№100 балабақша - бөбекжайы», «Рахат» балабақша - бөбекжайы, «Мирас» балабақша - бөбекжайы, №42 балабақша - бөбекжайы, «Балбөбек» балабақша - бөбекжайы, «№6 Күншуақ балабақша - бөбекжайы» басшыларының жаңалықтарын ортаға салу, пікір алмасу мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Қаңтар айының 1 - ші апталығында орта топ тәрбиешілерінің ашық ұйымдастырылған іс - әрекеттері өтті.
2024 жылдың ақпан айының 5 - ші жұлдызында, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы “Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі” КМҚК директоры Курманов Фархат Сакановичпен, Білім беру қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМға қол қойылды.
7.02.2024 ж балабақшамызда «Қазақ аналары дәстүрге жол» атты Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан Облыстық филиалының әжелері мен балабақша ата - аналарымен бірлескен «Ұлттық салт - дәстүр - тәрбиенің көзі» тақырыбында іс - шара өткізілді.
2024 ж 15 - ақпанда С.Аманжолов атындағы ШҚУ - нің «Педагогикалық білім және менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен қалалық мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері арасында өткізілген «Жұлдызды сәт» зияткерлік - шығармашылық ойынына «Балбөбек» тобының тәрбиеленушісі Өмірбек Нұрәлі қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды.
2024 ж19 ақпаныңда “Балдырған”орта тобының тәрбиешісі Кабдуалиева Гульвар Какимовна осы балабақшаның кіші және орта топ тәрбиешілеріне өз іс - тәжірибесімен бөлісті.
26.02.2024 ж жоспарлы ата - аналар жиналыстарында “Буллинг - балабақшадан басталады” тақырыбында психолог Жакибаева Айнур Бейгамбековна баяндама оқып, ата - аналарға Буллинг пен кибербуллингтің баланың болашағына әсері, буллингке ұшыраған баланың мінез - құлқы жайлы және баланы буллингтен қорғау,алдын алу шаралары туралы маңызды кеңестер берді.
01.03.2024 ж бейнелөу өнері маманы Макпозова М.Д ата - аналарды дәстүрден тыс сурет салу әдіс - тәсілдерімен таныстыра отырып, қазақ халқының ұлттық ою - өрнегін әртүрлі тәсілдермен бейнелеуді көрсету мақсатында «Оюлар сыр шертеді» атты шебер сыныбын өткізді.
14.03.2024 ж
“Әке - қорған Әке - дос Әке - бедел” ұранымен әкелер форумы өткізілді.
арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының жоспарымен мектепалды даярлық топтары мен сыныптары тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
26.03 - 05.04.2024 ж аралығында біздің балабақша - бөбекжай базасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының жоспарымен мектепалды даярлық топтары мен сыныптары тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.Курста әдіскер Бектұрғанова Ф.Б,тәрбиешілер Тоқпаева С.Т,Ахметқанова А.С өз іс - тәжірибелерімен бөліссе,бейнелеу өнері маманы Мақпозова М.Д,дене шынықтыру нұсқаушысы Қайсенова А.К, музыка маманы Рахымжанова Б.Б шеберлік сағаттарын өткізді.
№15 «Рахат» балабақша - бөбекжайында өткізілген «Ұлттық құндылық - бестемше» сайысына тәрбиеші Ахметқанова А.С «Балбөбек» тобының тәрбиеленушілерімен қатысып жүлделі 1 - 2 орындарды иеленді.
Семей қаласында Восточная мозайка атты биден сайыс өтті.Оған Саулетай және Ақжелкен тобының тәрбиеленушілері қатысып 2 - ші орынға ие болды.
|
оқу жылы |
педагог саны |
2023 - 2024 |
|||
|
модератор |
сарапшы |
зерттеуші |
санатсыз |
||
|
2023 - 2024 |
34 |
12+7 |
2+2 |
1 |
10 |
|
|
|
55% |
12% |
3% |
30% |
МАД тобының тәрбиешілеріне қазіргі заман талабына сай цифрлық технологиялар қоғам өміріне әсерін молынан тигізуде. Мектепалды тобының тәрбиеленушілерінің күнделікті өмірінде заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау дағдыларын тиімді және қауіпсіз қолдануын қамтамасыз ету.



