Ертегі - бала жанына ең жақын,ол баланың ой - қиял ұшқырлығын күшейтеді,мінез-құлқын қалыптастырады,тілін дамытады.
Танымдық қатынасты ояту мен тәрбиелеудің бір жолы - осы ертегілерде.
Балдырған: орта тобының балаларымен Орыс халық ертегісі “Маша мен аю” ертегісінің желісі бойынша “Маша мен оның достарына көмек” тақырыбындағы ұйымдастырылған іс - әрекет ертегі желісі арқылы өткізілгендіктен балалар тапсырманы қызығушылықпен орындады.



