Бүгін балабақшамызда ғалым Мақсат Есенбекұлы Шотаевтың қатысуымен ерекше семинар - практикум өтті. “Бес кеней”, “Бес атар”, “Қалашық” ойындарының авторы ретінде Мақсат Есенбекұлы бізге осы ойындардың ережелері мен қазақ тарихына бойлаған мақсатын ашып, балалар және педагогтар үшін, жалпы отбасындағы үйлесім үшін маңыздылығын қызықты жеткізді.
Осындай мазмұнды семинардың біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында біздің балабақшада өтуі біз үшін үлкен мәртебе. Шараға қатысқан ата - аналар да өз ризашылықтарын білдіріп, ерекше әсерге бөленіп қайтты.
Жексенбі күнге қарамастан бір адамдай жинала қалған ата - аналар қауымы мен педагогтарымызға рахмет!
Асығымыз алшысынан түссін!



