26.03.-05.04.2024 жыл аралығында «Күншуақ» балабақша-бөбекжайы базасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының жоспарымен мектепалды даярлық топтары мен сыныптары тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді. 9 күнге жоспарланған курсқа облыс бойынша қала-аудандардан 25 педагог қатысты. Түрлі деңгейде іс-тәжірибесі бар курсанттармен жұмыс кестесі жасалып теорияда практика да ұсынылды. Мектепке баланы даярлауда педагог қандай іс-әрекет жасау керектігін өз практикасымен көрсеткен балабақша әдіскері Ф.Бектурганованың,тәрбиешілер А.Ахметканованың, С.Тоқпаеваның, А.Туржанованың, бейнелеу өнері мұгалімі М.Мақпозованың, дене тәрбиесі жетекшісі А.Кайсенованың, музыка жетекшісі Б.Рахымжанованың ұйымдастырылған іс-әрекеттері, шеберлік сағаттары, түрлі лайфхактары тыңдаушыларға құнды ақпарат болды. Кері байланыс жасап әр күн қорытындылап отырылды. Бұндай ауқымды жұмыс балабақша үшін әрі іздену,әрі зерттеушілік шара болды.



