oC

Бүгін, 20.12.2024 ж. балабақшамызда «Балбөбек» және «Балауса» мектепалды топтарының ата-аналары арасында «Бес кеней» ұлттық ойынынан сайыс ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды насихаттап, ата - аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайту, сонымен қатар дәстүрлі ойындар арқылы денсаулықты жақсартуға және ұжымдық рухты көтеруге ықпал ету болды.
«Бес кеней» ойыны ата - аналардың шапшаңдығын, ептілігін және ұйымшылдығын сынға салды. Екі топтың ата - аналары ойын барысында ерекше белсенділік танытып, бір - бірімен ынтымақтаса әрекет етті.

Сайыс өте көңілді, әрі қызу өтті. Ойын нәтижесінде «Балбөбек» мектепалды тобы жеңіске жетті. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Шара соңында ұйымдастырушылар ата - аналарға ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні туралы айтып, мұндай іс - шаралардың отбасы мүшелерін біріктірудегі маңызын атап өтті. Осындай ойындар қоғамдағы дәстүрлерді жаңғыртуға және ұрпаққа өнеге болуға ықпал ететіні сөзсіз.