oC

"Күншуақ" балабақша - бөбекжайында 2023 - 2024 жаңа оқу жылының алғашқы ата - аналар жиналыстары өтті.
Жиналыстардың негізгі мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту, ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында жақсы қарым - қатынас орнату. Тәрбиенің негізі - отбасынан басталатындығын түсіндіру.
Ұрпақ тәрбиесі - мүдделі іс, сондықтан, ата - ана мен балабақша ынтымақтастықта болып, бірге жұмыс атқарса, нәтижелі болары сөзсіз!